2-1-бап. Банктің үлестес тұлғалары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары банктің үлестес тұлғалары болып табылады.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдингте банктің ірі акционері белгісінің болуы банктің үлестес тұлғаларын "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес айқындау үшін негіз болып табылмайды.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдинг не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары ірі акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын банктің үлестес тұлғалары болып табылмайды.
Банктер акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы осы банктерді бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар деп тануға негіз болып табылмайды.
3. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің, сондай-ақ 2-тармағының ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының мақсаттары үшін ескерілмейді.
4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының үлестес тұлғалары деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осылай деп танылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің үлестес тұлғалары танылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ұсынатын мәліметтердің негізінде өзінің үлестес тұлғаларының есебін жүргізеді.
Ескерту. 2-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (21.02.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы