2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы
1. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқық ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
2) жылжымайтын мүлікке заңды құқықтары бар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін іске асыру және қамтамасыз ету;
3) тіркеуші органның құқықтық кадастрды жүргізуі және тіркелген құқықтар туралы жазбаларды енгізуі.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) меншікке қолсұғылмаушылық;
3) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы.
Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңы.
Осы Заң жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы