2-бап. 1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Заңы
Былай болып белгiленсiн:
а/ 1994 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiстерi:
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциздер;
- меншiк нысандарына қарамастан, кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың, соның iшiнде шетелдiк және бiрлескен кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың пайдасына салынатын салық;
- жер салығы;
- тiркелген /ренталық/ төлемдер;
- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
- үкiметаралық келiсiмдер бойынша берiлетiн мемлекеттiк кредит үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден түсетiн қаражат;
- мемлекеттiк мүлiктi сатудан алынатын түсiмдер;
- басқа да жалпыреспубликалық салықтар, алымдар және салық салынбайтын әртүрлi төлемдер;
- 1994 жылғы астықты мемлекеттiк мұқтаждарға сатудан алынатын түсiмдер;
- сыртқы экономикалық қызметтен түсетiн кiрiстер;
- қымбат металдармен жасалатын операциялардан алынатын түсiмдер есебiнен құралады.
б/ Сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кiрiстердi қалыптастыру:
- экспорт және импорт бажы;
- роялти және бонус түсiмдерi;
- импорт бойынша мемлекет сатып алған ең қажеттi тауарларды iшкi рынокта сатудан алынатын түсiмдер есебiнен жүзеге асырылады.
в/ Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргiзушi басқа да субъектiлер республикалық бюджетке кеден тарифiне сәйкес ұлттық валютамен экспорт және импорт бажын төлейдi.
г/ Шетелдiк инвесторлардан түсетiн бонустар, әртүрлi сыйлық төлемдерi, сондай-ақ роялти Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң валюталық есепшоттарына есептелiп, кейiннен оны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiне сату жолымен мiндеттi түрде ұлттық валютаға айналдырады. Аталған валюталық есепшоттарға Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары төлейтiн салықтардың басқа түрлерi бойынша төлем мөлшерi заңда белгiленген тәртiппен анықталады.
Қазақстан Республикасының Заңы 1994 жылғы 14 шiлде N 137-ХIII
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы