2-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң санаттары Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының аумағы республикалық және жергiлiктi мүдделерді оңтайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру үшін негiзгi екi санатқа – өңірлерге және елдi мекендерге бөлiнедi.
2. Өңір – Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын, бiрнеше елдi мекен кіретін Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi.
Республикалық әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық округ өңірлер болып табылады.
Облыс облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардан тұрады.
Аудан халқының жалпы саны 300 мың адамнан аспайтын аудандық маңызы бар қалалардан, ауылдардан, кенттерден, ауылдық округтерден тұрады.
Ауылдық округ халқының жалпы саны кемінде 500 адам болатын екі және одан көп ауылдық елді мекендерден тұрады.
3. Елдi мекен – Қазақстан Республикасы аумағының халық жинақы орналасқан, халық саны кемiнде 50 адам болатын, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есепке алынған және тiркелген әрі жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.
Халқының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгiзiледi.
4. Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және ауылдық елдi мекендерге бөлiнедi:
1) республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығындағы кенттер қалалық елдi мекендерге жатады;
2) өздерінің әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан, барлық басқа елдi мекендер ауылдық елді мекендерге жатады.
5. Елдi мекендердің құрамдас бөліктері болады.
Шағын аудандар, қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, тұйық көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер елді мекендердің құрамдас бөліктері болып табылады.
Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады. Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан олардағы халық саны 400 мың адамнан асқан кезде құрылады. Қаладағы аудан халқының саны 200 мың адамнан кем болмауға тиіс.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы