⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2-бап. Азаматтардың жер учаскелерiн алу және жеке тұрғын үйлер салу құқығы  Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы

2-бап. Азаматтардың жер учаскелерiн алу және жеке тұрғын үйлер салу құқығы  Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-бап. Азаматтардың жер учаскелерiн алу және жеке тұрғын үйлер салу құқығы  Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы 

      Қазақстан Республикасының әрбiр азаматы, өзiнiң тұрақты тұрғын жерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес республика аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн алуға құқылы. 

      Азаматтың меншiк құқығында үй немесе пәтерi, не ол жалдау немесе жалгерлiк шарты бойынша пайдаланатын мемлекеттiк және қоғамдық тұрғын жайлар қорындағы үйлерде пәтерi, саяжайлық немесе бау-бақтық жер учаскесiнiң болуы жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беруден бас тартуға негiз бола алмайды. 

      Меншiк құқығында саяжай мен бау-бақ учаскелерiнде салынған үйлердi иеленушi азаматтарға, олар тұрғын үйлер мен құрылыстарға арналған қалыптарға сәйкес келген жағдайда, осы жылжымайтын мүлiктi жеке тұрғын үй ретiнде қайта ресiмдеуге, сондай-ақ жер учаскесiнiң нысаналы мақсатпен өзгертуге құқық берiледi.  

      Ескерту. 2-бап өзгертiлдi - ҚР 1997.07.14 N 158 Заңымен, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.  
 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213 Заңы. 

Осы Заңның мақсаты - мемлекет, жергiлiктi атқарушы органдар және тұрғын үй жайға деген конституциялық құқығын жүзеге асыру үшiн жеке тұрғын үйлер салушылар (меншiктенушiлер) болатын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы өзара қатынастарды реттеудiң құқықтық базасын жасау.   

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы