2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар қызметін, банк қызметін және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерін реттейтін заңнамасы Даму Банкіне осы Заңмен және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін бөлігінде қолданылады.
3. Даму Банкiнiң инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциясын орындауының, экспорттық операцияларды жүзеге асыруының, субсидияланған қарыз ұсынуының және қайта құрылымдауды жүзеге асыруының лимиттері, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртібі мен мерзімдері Меморандумда белгiленедi.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 № 434, 2004.07.06 № 571, 2005.12.23 № 108, 2006.07.07 № 178, 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы