2-бап. Көлiк туралы заңдар Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы
Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Труба-құбыр көлiгi қызметiне байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
Тасымалдау шарттары, көлiк құралдарын пайдалану, адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн көлiк құралдары мен олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiн техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) қамтамасыз ету тәртiбi тиiстi көлiк түрлерiнде қолданылатын, белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн және көлiк қатынастарының барлық қатысушылары үшiн мiндеттi болып табылатын нормативтiк актiлерде айқындалады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.28. № 338 Заңымен, 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2006.12.29. № 209 Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы