2-бап. Қайырымдылықтың мақсаты мен міндеттері Қайырымдылық туралы Заңы
1. Қоғамда қайырымдылықтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қолдау және нығайту арқылы қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруын дамытуға жәрдемдесу қайырымдылықтың мақсаты болып табылады.
2. Қайырымдылықтың мақсатына мынадай міндеттерді орындау арқылы қол жеткізіледі:
1) бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді, халық бірлігін, рухани мәдениетті, отбасының қоғамдағы беделі мен рөлін нығайтуға жәрдемдесу, сондай-ақ ана болуды қорғау, балалар мен жастарды патриоттық тәрбиелеу;
2) азаматтар мен қоғамның материалдық, мәдени-білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру;
3) қайырымдылық көмек көрсету, оның ішінде әлеуметтік және медициналық мекемелерге, этномәдени бірлестіктерге, мәдениет пен өнер, білім беру, ғылым және инновациялық қызмет, спорт ұйымдарына және Қазақстан халқы үшін мәдени-тарихи маңызы бар объектілерге, сондай-ақ көрсетілген салалардың дамуына үлес қосқан жекелеген қайраткерлерге қайырымдылық көмек көрсету;
4) табиғат пайдалануды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін және өсімдіктер әлемін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ.
Осы Заң қайырымдылық саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы