2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Осы Кодексте көзделмеген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңдарының арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды Қазақстан Республикасының салықтық емес заңнамасына қосуға тыйым салынады.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, аталған шарттың қағидалары қолданылады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы