2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларынан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы