⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2-бап. Теміржол көлiгiнің мемлекеттік саясаты және жұмыс істеу қағидаттары Теміржол көлігі туралы Заңы

2-бап. Теміржол көлiгiнің мемлекеттік саясаты және жұмыс істеу қағидаттары Теміржол көлігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-бап. Теміржол көлiгiнің мемлекеттік саясаты және жұмыс істеу қағидаттары Теміржол көлігі туралы Заңы 

      Ескерту. 2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

       1. Теміржол көлігінің жұмыс істеуі мынадай қағидаттар: 

      1) Қазақстан Республикасының бірыңғай әлеуметтік-экономикалық кеңістігін сақтау және нығайту; 

      2) Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесінің жұмыс істеуінің келісімділігі; 

      3) теміржол көлігі инфрақұрылымының тұтастығын және іркіліссіз жұмыс істеуін сақтау; 

      4) тасымалдау процесінің қауіпсіздігін, үздіксіздігін және іркіліссіздігін қамтамасыз ету; 

      5) көлік нарығының барлық субъектiлерiнiң теміржол көлiгi қызметтерін ұсынуға және алуға еркін қол жеткізуі; 

      6) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау; 

      7) тасымалдаулардың барлық қатысушылары үшін құқықтық және экономикалық кепілдіктердің бірыңғай стандартын қолдану негізінде жүзеге асырылады. 

      2. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік саясат халық пен мемлекеттің тасымалдауларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Теміржол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары: 

      1) темiржол көлiгiнiң магистралдық темiржол желiсiн және жылжымалы құрамын дамыту;  

      2) тасымалдарды дамыту;  

      3) адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн темiржол көлiгi мен оның өмiрлiк циклi процестерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;  

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес темiржол көлiгiнде тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру;  

      5) темiржол көлiгiнде кәсiпкерлiкті дамыту және оған жеке инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасау және мемлекеттiк органдардың шаруашылық қызметке заңсыз араласуына жол бермеу; 

      6) бәсекелестiктi дамыту, соның iшiнде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестiктi дамыту;  

      7) магистралдық темiржол желiсiнiң бiрыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау;  

      8) қоршаған ортаны қорғау;  

      9) темiржол көлiгiн жұмылдыру дайындығында ұстап тұру;  

      10) темiржол көлiгiнiң қажеттерi үшiн импортты алмастыратын өндiрiстi дамытуға жәрдемдесу; 

      11) транзиттік және халықаралық тасымалдауларды кеңейту; 

      12) мемлекет, тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші қызметі мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету; 

      13) көлік-логистика жүйесін дамыту және теміржолдар бойынша жүктердің көлік ағындарын арттыру болып табылады. 

      3. Темiржол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру уәкiлеттi органға және өз құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттiк органдарға жүктеледi. 

      Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 596, 2006.12.29 № 209, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы. 

      Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы