⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

2-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      1) Қазақстан Республикасында кеден саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауды жүзеге асырады;

      2) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;

      3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      1) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;

      2) Қазақстан Республикасының кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;

      3) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттіктерін айқындайды;

      3-1) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін осы Кодекстің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      4) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      5) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарының жүйелерін құрады;

      6) тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды;

      7) кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;

      8) тауарлар мен көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін кедендік бақылауды жүзеге асырады;

      9) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы ақпарат беруді тұрақты негізде қамтамасыз етеді;

      10) кедендік статистиканы жүргізеді;

      11) жекелеген кедендік операцияларды жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;

      12) кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын және кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;

      13) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

      14) бақылау іс-шараларын жүргізу мақсаттарында аумақтық кеден органдарында ұтқыр топтар құрады;

      14-1) Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырады;

      14-2) мыналарды:

      кедендік декларациялаудың ерекшеліктерін;

      сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауарлар санатын, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірді және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдануды айқындайды;

      15) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы