2-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi Жедел-iздестiру қызметi туралы
Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi:
1) адам мен азаматтың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерiн, меншікті құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу;
3) қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
3-1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды, сондай-ақ қылмыстық іс үшін маңызы бар нәрселер мен құжаттарды анықтау;
4) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жауаптылықтан, жазаны өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамдарды, хабарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген жағдайларда өзге де адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ табылған танылмаған мәйіттерді сәйкестендіру;
5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң және басқа да күзетiлетін адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;
8) ұйымдарға коммерциялық құпияны қорғауда жәрдемдесу;
9) күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген режимдi ұстап тұру;
10) күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарындағы күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, персоналдың және өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
11) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-XIII Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын жедел-iздестiру қызметiнiң мазмұнын айқындайды және оны жүргiзу кезiнде заңдылықты құқықтық кепiлдiктерi жүйесiн баянды етедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы