⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2-бөлім. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді ІІ санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен өзге де өлшемшарттар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

2-бөлім. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді ІІ санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен өзге де өлшемшарттар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-бөлім. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді ІІ санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен өзге де өлшемшарттар Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Энергетика:

      1.1. белгіленген электр қуаттылығы 50 мегаваттан (МВт) кем жабдықты пайдалана отырып электр энергиясымен, газбен және бумен қамтамасыз ету;

      1.2. жалпы номиналды жылу қуаттылығы 20 мегаваттан (МВт) кем болатын қондырғыларда газдандыру және (немесе) көмірді қоспағанда, қатты отын түрлерін сұйылту арқылы газ өндіру;

      1.3. газбен жұмыс істейтін, қуаттылығы 10 мегаватт (МВт) және одан көп энергия өндіретін станциялар.

      2. Металдарды өндіру және өңдеу:

      2.1. Мыналарды:

      2.1.1. үздіксіз құю қондырғысын қоса алғанда, шойын немесе болат (бастапқы немесе қайталама балқыту) өндіру үшін (өнімділігі сағатына 2,5 тоннадан кем);

      2.1.2. ыстықтай илемдейтін орнақтарды пайдалана отырып, қара металдарды өңдеу үшін (жобалық өнімділігі сағатына 20 тонна шикі болаттан кем);

      2.1.3. сағатына 2 тоннадан кем шикі болатты бере отырып, қорғаныш бүркілген металл жабындарды жағу үшін;

      2.1.4. өнімділігі тәулігіне 20 тоннадан кем болатын қара металдарды құю өндірісі үшін;

      2.1.5. түсті металдарды легирлеуді, рафинирлеуді және құюды қоса алғанда, балқыту үшін (қорғасын мен кадмий үшін балқытудың жобалық өнімділігі тәулігіне 4 тоннадан кем немесе басқа да металдар үшін тәулігіне 20 тоннадан кем) жабдықты пайдалана отырып, металлургиялық өндіру;

      2.2. жиынтық көлемі 30 м3 кем болатын технологиялық ванналарда электролиттік немесе химиялық процестерді пайдалана отырып, металдар мен пластикалық материалдарды беткі өңдеу.

      3. Минералдық өнеркәсіп:

      3.1. мыналарды өндіру:

      3.1.1. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 500 тоннадан аспайтын айналмалы пештерде немесе өнімділігі тәулігіне 50 тоннадан аспайтын басқа да пештерде цемент клинкері;

      3.1.2. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 50 тоннадан кем болатын пештерде әк (сөнбеген, сөндірілген);

      3.1.3. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 50 тоннадан кем болатын пештерде магний оксиді;

      3.1.4. балқыту қуаттылығы тәулігіне 20 тоннадан кем болатын, шыны талшығын қоса алғанда, шыны және шыныдан жасалған бұйымдар;

      3.1.5. балқыту қуаттылығы тәулігіне 20 тоннадан кем болатын, минералдық талшықтар өндіруді қоса алғанда, минералдық заттарды балқытуға арналған жабдықты пайдалана отырып, бейметалл минералдық өнім;

      3.1.6. жобалық қуаттылығы жылына 1 млн. данадан кем болатын отқа төзімді қыш бұйымдар және құрылыс қыш материалдар;

      3.1.7. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 75 тоннадан аспайтын және (немесе) бір пешке салу тығыздығы 300 кг/м3 аспайтын, күйдіру пештерін пайдалана отырып, отқа төзімді қыш бұйымдар мен құрылыс қыш материалдарынан басқа, қыш немесе фарфор бұйымдар.

      4. Тамақ өнеркәсібі:

      4.1. мыналарды өндіру:

      4.1.1. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 75 тоннадан аз дайын өнім болатын ет және ет өнімдері;

      4.1.2. өсімдік және жануарлар майлары мен тоңмайлар (жобалық өнімділігі осы қосымшаның 1-бөлімінің 5.2-тармағының 5.2.2. және 5.2.3-тармақшаларында белгіленгеннен кем);

      4.1.3. картоптан, жемістер мен көкөністерден жасалған өнімдер (жобалық өнімділігі тәулігіне кемінде 300 тонна дайын өнім (орташа тоқсандық көрсеткіш);

      4.1.4. сүт өнімдері (жобалық қуаттылығы тәулігіне 200 тонна қайта өңделетін сүттен кем (орташа жылдық көрсеткіш).

      5. Көлік және инфрақұрылым объектілері:

      5.1. ішкі су жолдарында орналасқан порттар (суығыстырымдығы 1350 тонна және одан көп болатын кемелердің өтуіне жол берілетін);

      5.2. теңіз порттары;

      5.3. әуе кемелерін қабылдауға, жөнелтуге және әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған объектілер (ұзындығы 2100 метр және одан көп ұшу-қону жолағы болған кезде);

      5.4. теміржол көлігі инфрақұрылымы объектілері.

      6. Қалдықтарды басқару:

      6.1. қауіпті қалдықтарды көму жөніндегі объектілер;

      6.2. өнімділігі жылына 250 тонна және одан көп болатын қауіпті қалдықтарды жою немесе қалпына келтіру жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын объектілер;

      6.3. қауіпті қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын объектілер;

      6.4. биологиялық және медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру, залалсыздандыру және (немесе) жою жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын объектілер;

      6.5. өнімділігі сағатына 3 тоннадан аспайтын коммуналдық қалдықтарды өртеуге арналған қондырғылар;

      6.6. өнімділігі тәулігіне 50 тоннадан аспайтын, қауіпті емес қалдықтарды жою жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын объектілер;

      6.7. өнімділігі жылына 2500 тоннадан асатын, қауіпті емес қалдықтарды жою немесе қалпына келтіру жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын объектілер;

      6.8. жылу электр станцияларының қалдықтарынан құрылыс материалдарын өндіру;

      6.9. өндірістік қуаттылығы жылына 10 мың тоннадан жоғары қоқыс сұрыптау кәсіпорындары;

      6.10. 1 мың м2 асатын аумақта немесе 1 мың тоннадан жоғары көлемде темір сынықтарын және (немесе) кәдеге жаратуға жататын көлік құралдарын сақтау алаңдары;

      6.11. пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбалардан басқа немесе шымтезек өндіру, кен іздеушілік кезіндегі) өндіру кезінде түзілетін үйінділер;

      6.12. жинау күтілетін жинақтауды қоспағанда, қалдықтар түзілетін алаңда массасы 5 тоннадан асатын қауіпті қалдықтарды жинақтау;

      6.13. сақтау қоймасының алаңы 100 м2 астам болатын, құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар, қатты әсер ететін улы заттар бар қауіпті қалдықтардың ашық және жабық қоймалары.

      7. Өзге де қызмет түрлері:

      7.1. қағаз және картон өндіру (өнімділігі тәулігіне 20 тоннадан аспайтын);

      7.2. тоқыма талшықтарын жууға, ағартуға, мерсерлеуге, бояуға және (немесе) тоқыма өнімдерін ағартуға, бояуға арналған жабдықтарды пайдалана отырып тоқыма бұйымдарын өндіру (өнімділігі тәулігіне 10 тонна өңделген шикізаттан аспайтын);

      7.3. тері мен былғарыны илеуге, бояуға, өңдеуге арналған жабдықтарды пайдалана отырып былғары мен былғарыдан жасалған бұйымдарды өндіру (жобалық өңдеу қуаттылығы тәулігіне 12 тонна дайын өнімнен көп емес);

      7.4. ауыл шаруашылығы құсын өсіру (5000 бас және одан көп);

      7.5. шошқа (500 бас және одан көп), мегежін (100 бас және одан көп) асырау және өсіру;

      7.6. ірі қара мал өсіру (1500 бас және одан көп);

      7.7. қой өсіру (15 мың бас және одан көп);

      7.8. жобалық тұтынуы жылына 200 тоннадан аспайтын органикалық еріткіштерді пайдалана отырып, заттардың немесе өнімдердің беттерін өңдеу;

      7.9. жағу мен графиттеуді болғызбайтын тәсілдермен жасанды графит өндіру;

      7.10. сарқынды су көлемі тәулігіне 20 мың м3 кем болатын орталықтандырылған су бұру (кәріздеу) жүйелерінің сарқынды суын тазарту;

      7.11. жылына 10 мың тоннадан жоғары кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу;

      7.12. пайдалы қатты қазбалар ресурстарын бағалау мақсатында тау-кен массасын алу және топырақты жылжыту арқылы пайдалы қатты қазбаларды барлау;

      7.13. газды, газды қайта өңдеу өнімдерін, мұнайды және мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен тасымалдау;

      7.14. жанғыш (битумдық) тақтатастар мен құмнан шикі мұнайды өндіру;

      7.15. мыналарды жинап қою және сақтау (жерүсті немесе жерасты):

      7.15.1. мұнай және оның қайта өңдеу өнімдері (жобалық сыйымдылығы 200 мың тонна және одан көп);

      7.15.2. пестицидтер мен агрохимикаттар (жобалық сыйымдылығы 50 тонна және одан көп);

      7.16. автоклавтарды пайдалана отырып, силикат кірпіш өндіруді қоса алғанда, құрылыста пайдалану үшін бетоннан жасалған бұйымдар өндіру (жобалық қуаттылығы жылына 1 млн. дана және одан асатын);

      7.17. құрылыс, түбін тереңдету және жару жұмыстарын жүргізу, пайдалы қазбаларды өндіру, кәбілдер, құбырлар және басқа да коммуникациялар тарту, Каспий теңізі деңгейінің көтерілу-қайту ауытқуының ықпал ету аймағы шегінде бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге де жұмыстарды орындау;

      7.18. қоршаған ортаға ластағыш заттардың төгілуі жүзеге асырылатын кез келген қызмет түрі;

      8. Мыналар:

      8.1. ішкі су жолдарында орналасқан порт (суығыстырымдығы 1350 тонна және одан көп болатын кемелердің өтуіне жол беретін);

      8.2. теңіз порты;

      8.3. әуе кемелерін қабылдауға, жөнелтуге және әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған объект (ұзындығы 2100 метр және одан көп болатын ұшу-қону жолағы болған кезде);

      8.4. теміржол көлігі инфрақұрылымының объектісі болып табылатын объектінің қызметі.

      Ескертпе. Осы қосымшаның 1 және 2-бөлімдеріндегі қызмет түрлері немесе объектілері сәйкес келген кезде осы қосымшаның 1-бөлімінде көрсетілген шекті мәндерден төмен сипатталатын сандық көрсеткіштері бар қызмет түрлері мен объектілері 2-бөлімге жатады.

 

Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы