20-бап. Ақталған адамдардың өздерi қуғын-сүргiнге түскенге дейiн тұрған жерлерi мен елдi мекендерде тұру құқы танылады. Бұл құқық қуғын-сүргiн зобалаңы қолданылған сәтте оған ұшыраған адамдармен бiрге тұрған олардың отбасы мүшелерiне және туған-туысқандарына қолданылады. Туған-туысқандарының қуғын-сүргiндер салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болуы фактiсiнiң құжаттық деректерi болмаған жағдайда сот арқылы анықталуы мүмкiн. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Егер қуғын-сүргiндерге ұшыраған адамдар қуғын-сүргiндерге байланысты тұрғын-жайға иелiк құқынан айырылған және қазiргi уақытта тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж болған реттерде, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген реттерде олар тұрғын үйдi кезектен тыс алуға құқылы.
Селолық жерлерде тұратын адамдардың осы категориялары тұрғын үй салу үшiн процентсiз қарыз алуға және құрылыс материалдарымен кезектен тыс қамтамасыз етiлуге құқылы.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі N 2200 Заңы.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшыраған адамдарға қатысты әдiлеттiлiктi қалпына келтiруге батыл бел байлап, осы қуғын-сүргiндердiң барлық құрбандарын ақтау, оларға тигiзген моральдық және материалдық залалды қазiргi уақытта барынша мүмкiн болатын өтеудi қамтамасыз ету мақсатында осы Заңды қабылдайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы