20-бап. Есептiлiк Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы
Даму Банкi:
1) ай сайын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға - республикалық бюджет ақшасының шығыстары туралы;
2) ай сайын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттер ақшасының шығыстары туралы;
3) ай сайын мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға - Даму Банкiне республикалық бюджеттен, тиiстi облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген заем қаражаттарының игерiлуi туралы есептілікті табыс етеді.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 № 434, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы