⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу  Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы

20-бап. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу  Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу  Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы 

       1. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi орган басқарушы компания ұсынған мынадай құжаттар негiзiнде:  

      1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, басқарушы компанияның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш; 

       2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмнiң көшiрмесi;  

      3) қордың директорлар кеңесі, басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленетін жалғыз акционерi) бекiткен инвестициялық пай қорының қағидалары; 

      4) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      5) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келiсiлмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетiн, оның қызметiнiң, басқарушы компанияның құрылымдық бөлiмшелерi мен қызметкерлерiнiң инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн регламенттейтiн iшкi құжаттары негiзiнде жүзеге асырады. 

 

      1-1. Басқарушы компания өтініш пен қажетті құжаттарды электрондық нысанда ұсынады. 

 

      1-2. Пайлар шығарылымын тіркеуге, инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты іс-шаралар кешені инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу болып табылады. 

       1-3. Инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу мыналарды қамтиды:  

       1) инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне қарау;  

       2) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) туралы мәліметті қоса алғанда, инвестициялық пай қоры, бағалы қағаздар туралы мәліметтерді Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізу;  

      3) басқарушы компанияға электрондық нысанда: 

      инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және қор қағидаларын; 

      өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, инвестициялық пай қорының қағидаларын және инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде) жіберу. 

       1-4. Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келісу үшін басқарушы компания уәкілетті органға электрондық нысанда мына құжаттарды ұсынады:  

      1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш; 

      2) өзгерістер мен толықтырулар ескерілген қордың қағидалары; 

      3) қордың қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге негіз болған орган отырысы шешімінің (хаттамасының) көшірмесі немесе хаттамасынан үзінді көшірме. 

      2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

       3. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган олар ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде қарайды.  

       4. Пайлар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу процесiнде уәкiлеттi орган:  

       1) инвестициялық пай қорының ережесiн;  

      2) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келiсiлмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң және басқарушы компания қызметкерлерiне инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн регламенттейтiн iшкi құжаттарын; 

      3) инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келіседі. 

 

      5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган басқарушы компанияға электрондық нысанда: 

      пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және инвестициялық пай қорының қағидаларын (инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу кезінде); 

       өзгерістер мен толықтырулар ескерілген инвестициялық пай қорының қағидаларын (өзгерістер мен толықтыруларды келісу кезінде); 

      инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (басқарушы компания өзгерген және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілген кезде) жібереді. 

       6. Уәкiлеттi органның инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiмi:  

       1) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;  

       2) инвестициялық пай қорының ережелерiнде, оларға өзгерiстер мен толықтыруларда және келiсуге табыс етiлген өзге де құжаттарда қайшылықты немесе дәйектемесiз мәлiметтер болған;  

       3) басқарушы компания қызметi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.  

      7. Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлік инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртібін, венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктерін айқындайды, бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттік реттеу тәртібін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы