20-бап. Мәліметтер мен олардың көздерін құпияландырудың тәртібі мен мерзімдері Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың қызметтерінің басқару, өндірістік, ғылыми және өзге де түрлерінің нәтижесінде алынған (әзірленген) мәліметтерді құпияландыру үшін олардың мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қолданылып жүрген құпияландырылуға тиісті мәліметтер тізбесіне сәйкес келуі негіз болып табылады. Бұл мәліметтерді құпияландыру кезінде олардың көздеріне құпиялылықтың тиісті белгісі беріледі.
2. Алынған (әзірленген) мәліметтерді қолданылып жүрген тізбелердегі мәліметтермен бірдей ету мүмкін болмаған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары, азаматтар алынған (әзірленген) мәліметтерді құпиялылықтың жорамалды дәрежесіне сәйкес алдын ала құпияландыруды қамтамасыз етуге және бір ай мерзімде тиісті тізбені бекіткен лауазымды адамның мекен-жайына оны толықтыру (өзгерту) жөнінде ұсыныс жіберуге міндетті.
Тізбені бекіткен лауазымды адамдар келіп түскен ұсыныстарға үш айдың ішінде сараптамалық баға беруді ұйымдастыруға және қолданылып жүрген тізбені толықтыру (өзгерту) немесе мәліметтерге алдын ала берілген құпиялылық белгісін алып тастау жөнінде шешім қабылдауға міндетті. Мәліметтер мен олардың көздерін құпияландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді құпияландыру мерзімі отыз жылдан аспауға тиіс. Айрықша жағдайларда бұл мерзім Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы бойынша ұзартылады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы