⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп Акционерлік қоғамдар туралы Заңы 

      1. Қоғам уәкілетті органға қоғамның акцияларын толық орналастырғанға дейін акцияларды орналастырудың әрбір есепті кезеңінің қорытындылары бойынша қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді қоғамның акцияларын орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күннен кейін немесе оларды толық орналастырған күннен кейін күнтізбелік қырық бес күн ішінде ұсынуға міндетті. 

      Қатарынан күнтізбелік он екі ай акцияларды орналастырудың есепті кезеңі болып табылады. 

       2. Егер есепті кезеңде қоғамның акцияларын орналастыру жүзеге асырылмаған жағдайда, есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп уәкілетті органға ұсынылмайды.  

      3. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда, қоғам уәкілетті органға қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті осындай айырбастау күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға міндетті. 

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415 Заңы. 

      Осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін; оның лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы