2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 219-IV Заңы
РҚАО-ның ескертпесі! ҚР Заңының қолданысқа енгізілу тәртібін 43-баптан қараңыз.
1-бап. 2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер – 3 413 771 966 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 1 886 864 566 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 59 711 418 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 26 378 092 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша – 1 440 817 890 мың теңге; 2) шығындар – 3 897 666 677 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру – 35 467 864 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 138 985 636 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 103 517 772 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 284 278 703 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 284 778 703 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 500 000 мың теңге; 5) тапшылық – -803 641 278 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 4,2 проценті; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 803 641 278 мың теңге. Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін 17 250 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 717 900 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсімдері көзделсін.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2010 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін: бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының "Пайдалы қазбаларды өндіру салығы" коды бойынша – жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдігі сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти; бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының "Әлеуметтік салық" коды бойынша – бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары. Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдігі сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген аударымдардың сомасына азайтады; "Өндірушілер көтерме саудада сататын өзі өндіретін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)" коды бойынша – бұрын Жол қорына түсіп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек; "Өндірушілер көтерме саудада сататын өзі өндіретін дизель отыны" коды бойынша – бұрын Жол қорына түсіп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.
5-бап. Жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 проценті шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне жатқызылады.
6-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемі 77 663 111 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде: Атырау облысынан – 18 739 180 мың теңге; Маңғыстау облысынан – 2 431 287 мың теңге; Алматы қаласынан – 54 999 926 мың теңге; Астана қаласынан – 1 492 718 мың теңге.
7-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің түсімдері: "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008 - 2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде көзделген әлеуметтік салық пен жеке табыс салығының салық салынатын базасының өзгеруін ескере отырып бюджет саласындағы еңбекақы қорының өзгеруіне байланысты жалпы сомасы 29 005 216 мың теңге; жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін беруге байланысты: санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласында – 12 130 368 мың теңге; инфекциялық, туберкулез және психикалық аурулар кезіндегі медициналық көмекті қоспағанда, станционарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету бойынша - 120 785 873 мың теңге; төтенше жағдайлар саласында – 833 503 мың теңге; "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша – 258 487 мың теңге; "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты хабардар етуді ұйымдастыру бойынша 141 332 мың теңге көзделсін. Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің аталған сомаларының республикалық бюджетке түсімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 1 200 000 000 мың теңге сомасында көзделсін. Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) жалақының ең төменгі мөлшері – 14 952 теңге; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 5 981 теңге; 3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 12 344 теңге; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 1 413 теңге; 5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 14 952 теңге болып белгіленсін.
10-бап. Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықтарды иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 002 "Зейнетақы бағдарламасы" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
11-бап. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының жедел-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтер көрсетуге арналған шығыстарды төлеу үшін ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.
12-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін субвенциялар көлемі 645 354 441 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде: Ақмола облысына – 42 771 759 мың теңге; Ақтөбе облысына – 23 691 835 мың теңге; Алматы облысына – 73 799 997 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына – 64 659 125 мың теңге; Жамбыл облысына – 62 677 573 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына – 26 545 434 мың теңге; Қарағанды облысына – 50 337 692 мың теңге; Қостанай облысына – 45 264 059 мың теңге; Қызылорда облысына – 51 506 999 мың теңге; Павлодар облысына – 21 736 991 мың теңге; Солтүстік Қазақстан облысына – 40 432 203 мың теңге; Оңтүстік Қазақстан облысына – 141 930 774 мың теңге.
13-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мынадай мөлшерде ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін: жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін күтіп-ұстауға – 2 590 269 мың теңге; жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін күтіп-ұстауға – 10 001 916 мың теңге; "Өзін-өзі тану" кабинеттері үшін жабдықтар сатып алуға – 14 518 мың теңге; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, біліктілік арттыру институттарын "Өзін-өзі тану" пәні бойынша оқу материалдарымен қамтамасыз етуге — 1 519 609 мың теңге; жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға – 337 973 мың теңге; дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 14 700 984 мың теңге; арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге – 2 026 145 мың теңге; медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндіз емделу бөлімшелері желісін дамытуға – 202 346 мың теңге; үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 453 467 мың теңге; медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтану нормаларын ұлғайтуға – 2 789 272 мың теңге; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға; 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде майдандағы армия құрамына кірмеген әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызмет өткерген, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, оның ішінде запасқа (отставкаға) шыққандарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеуге - 4 153 631 мың теңге; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруін, сондай-ақ оларға және олармен бірге жүретін адамдарға Мәскеу, Астана қалаларында мерекелік іс-шараларға қатысуы үшін тамақтануына, тұруына, жол жүруіне арналған шығыстарын төлеуді қамтамасыз етуге - 90 979 мың теңге; "Көкнәр" операциясын жүргізуге – 56 049 мың теңге; ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін ұстауға – 2 751 529 мың теңге; эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге – 5 504 538 мың теңге; Халыққа қызмет көрсету орталықтарын күтіп-ұстауға – 7 836 918 мың теңге; ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға – 3 019 649 мың теңге; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға - 8 549 489 мың теңге; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 1 115 973 мың теңге; 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге - 2 967 928 мың теңге. Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын пайдалану тәртібі (сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он тоғызыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарды қоспағанда) және оларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-1-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Алматы қаласының бюджетіне жаңа білім беру объектілерін салуға 11 271 765 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделгені ескерілсін. Нысаналы даму трансферттерінің аталған сомасын облыстық бюджеттерге, Алматы қаласының бюджетіне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. Заң 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерту енгізілід - ҚР 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте жұмыспен қамтудың және кадрларды қайта даярлаудың өңірлік стратегиясын іске асыруға 101 638 965 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін. Аталған соманы бөлу және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және Астана мен Алматы қалаларының көшелерін күрделі және орташа жөндеуге 22 137 335 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін. Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомасын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге сәйкес Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға 537 958 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
17-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Қызылорда облысының облыстық бюджетіне "Байқоңыр" кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз етуге 18 498 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін. Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ радиациялық қауіпті аймақтарда және жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрып жатқан және 1949 - 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін халыққа біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуге 268 291 мың теңге сомасында қаражат көзделсін. Аталған қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бөлінетін болып белгіленсін. Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға 40 828 570 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде: тұқым шаруашылығын қолдауға – 2 087 532 мың теңге; асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға – 3 429 554 мың теңге; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басымдықты дақылдар бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға – 14 205 685 мың теңге; өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға – 3 214 995 мың теңге; ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға – 1 492 338 мың теңге; жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге – 1 513 025 мың теңге; мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға – 13 130 000 мың теңге; қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға – 153 704 мың теңге; "Астана-Щучинск" автомобиль жолының бойындағы "Шортанды-Щучинск" учаскелерінде орман екпелерін егуге - 56 072 мың теңге; балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік монополия субъектісін арнайы жабдықтармен және теңіз техникасымен жаңарту үшін - 1 545 665 мың теңге. Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте: облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 650 776 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер; облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға сәйкес 3 560 760 мың теңге сомасында бюджеттік кредит беру көзделгені ескерілсін. Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 21-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 4 872 670 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде: негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға – 2 330 625 мың теңге; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға – 2 542 045 мың теңге. Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында кәсіптік және техникалық білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде кәсіптік лицейлер үшін шетелдік ағылшын тілі оқытушыларын тартуға 233 220 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін. Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомасын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
23-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 28 755 239 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде: жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға – 14 873 103 мың теңге; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге – 13 882 136 мың теңге. Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендиялардың мөлшерін ұлғайтуға 3 110 925 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін. Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомасын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласында берілетін функцияларды іске асыруға 29 707 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін. Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомасын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 5 626 461 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін. Нысаналы даму трансферттерінің аталған сомасын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
27-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне: тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 8 968 499 мың теңге сомасында; жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 850 598 мың теңге сомасында кредит беруге қаражат көзделсін. Көрсетілген кредит беру сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-бап. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі шығыстарының құрамында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын тәртіппен: ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкаларын – 5 000 000 мың теңгеге; ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін – 42 609 мың теңгеге субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға 5 042 609 мың теңге көзделсін. Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
29-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне: мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға – 10 766 883 мың теңге сомасында; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 38 632 757 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін. Нысаналы даму трансферттерінің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
30-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға сәйкес сыйақының нөлдік ставкасы бойынша кредит беруге 17 500 000 мың теңге көзделсін.
31-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылға арналған резерві 44 379 364 мың теңге сомасында бекітілсін. Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 32-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын төлеуге 1 804 675 мың теңге сомасында қаражат көзделсін. Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
33-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте "Тұрғынүйқұрылысбанкі" жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңілдікті тұрғын үй кредиттері қарыз алушыларының 2009 жылғы төлемдері бойынша бағамдық айырманы төлеуге 12 601 мың теңге көзделсін. Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
34-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 8 888 474 мың теңге сомасында, оның ішінде республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 5 202 092 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, қаражат көзделгені ескерілсін. Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.10.06 N 342-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
35-бап. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінің негізінде "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлік қоғамының балансына бұрын берілген кредиттер жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатылады деп белгіленсін.
36-бап. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі мен берешек көлемдері бойынша, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптары тоқтатылады деп белгіленсін.
37-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 1 887 592 мың теңге көзделсін.
38-бап. 2010 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 85 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін. Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
39-бап. 2010 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 2 365 700 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін. Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
40-бап. 2010 жылы мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 50 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін. Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.29 N 259-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
41-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2010 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.
42-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2010 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде 6-қосымшағасәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.
43-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
z090000219_.06-10-2010.kaz
1 рет жүктеп алынды