Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!       Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 23-баптан қараңыз.  

      1-бап. 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:      1) кiрiстер – 4 346 215 971 мың теңге, оның iшiнде:      салықтық түсiмдер бойынша – 2 934 895 657 мың теңге;      салықтық емес түсiмдер бойынша – 86 371 534 мың теңге;      негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 14 192 088 мың теңге;      трансферттер түсiмдерi бойынша – 1 310 756 692 мың теңге;      2) шығындар – 4 647 429 633 мың теңге;      3) таза бюджеттiк кредит беру – 91 160 728 мың теңге, оның iшiнде:      бюджеттiк кредиттер – 184 469 274 мың теңге;      бюджеттiк кредиттердi өтеу – 93 308 546 мың теңге;      4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 338 013 062 мың теңге, оның iшiнде:      қаржы активтерiн сатып алу – 338 323 062 мың теңге;      мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 310 000 мың теңге;      5) тапшылық – –730 387 452 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,8 пайызы;      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 730 387 452 мың теңге.      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.02.28 N 412-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.20 N 485-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 16 805 813 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 612 560 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.20 N 485-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2011 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:      бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша – жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режімі тұрақтылығының кепілдігі сақталған, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;      бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша – бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары.      Бұл ретте салық режімі тұрақтылығының кепілдігі сақталған, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады;      «Өндiрушiлер көтерме саудада сататын, өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;      «Өндiрушiлер көтерме саудада сататын, өзi өндiретiн дизель отыны» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.

      5-бап. Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.

      6-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Алматы қаласының бюджетінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемi 103 078 751 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:      Атырау облысынан – 41 707 712 мың теңге;      Маңғыстау облысынан – 12 731 130 мың теңге;      Алматы қаласынан – 48 639 909 мың теңге.

      6-1-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің түсімдері:      көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді – 43 355 мың теңге;      «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесін – 141 211 мың теңге;      жергілікті атқарушы органдардың:      мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау және лицензиялау мәселелері жөніндегі өкілеттіктерін – 174 687 мың теңге;      халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктерін – 7 318 688 мың теңге – беруге байланысты көзделсін.      Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің көрсетілген сомаларының республикалық бюджетке түсімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.20 N 485-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң мөлшерi 1 200 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.

      8-бап. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап:      1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 15 999 теңге;      2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 8 000 теңге;      3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 16 047 теңге;      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 512 теңге;      5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 15 999 теңге болып белгiленсiн.

      9-бап. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.20 N 485-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне берiлетiн субвенциялар көлемi 789 938 833 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:      Ақмола облысына – 49 552 059 мың теңге;      Ақтөбе облысына – 21 836 600 мың теңге;      Алматы облысына – 94 077 476 мың теңге;      Шығыс Қазақстан облысына – 81 700 063 мың теңге;      Жамбыл облысына – 75 778 457 мың теңге;      Батыс Қазақстан облысына – 13 983 926 мың теңге;      Қарағанды облысына – 55 937 850 мың теңге;      Қостанай облысына – 48 552 068 мың теңге;      Қызылорда облысына – 64 395 637 мың теңге;      Павлодар облысына – 25 809 390 мың теңге;      Солтүстiк Қазақстан облысына – 47 000 200 мың теңге;      Оңтүстiк Қазақстан облысына – 193 272 522 мың теңге;      Астана қаласына – 18 042 585 мың теңге.

      11-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:      халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге;      «Мак» операциясын жүргізуге;      көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға;      Оралмандарды уақытша орналастыру орталығы мен Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығын күтіп-ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға;      қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелері жалпы білім беретін мектептерінің педагог қызметкерлері штат санының берілуіне байланысты;      спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға;      эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге;      тұқым шаруашылығын қолдауға;      асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға;      мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға;      тауарлы балық шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға;      ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға;      мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін;      өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға;      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге;      арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге;      облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және Астана және Алматы қалаларының көшелерін күрделі және орташа жөндеуге;      мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға;      мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;      негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға;      бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға;      техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңарту мен қайта жабдықтауға;      Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін оқу жабдығын сатып алуға;      үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтармен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге;      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге;      жергiлiктi деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және (немесе) пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.02.28 N 412-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.20 N 485-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      12-бап. Мынадай:      ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;      ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйесін субсидиялау;      астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандату;      «Өнімділік – 2020» бағыты шеңберінде жаңа өндірістерді құруды қолдау, жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту және сауықтыру;      «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдау бағыттары бойынша іске асырылатын қаражатты бөлу және (немесе) пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.20 N 485-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      13-бап. Арнайы мемлекеттiк жәрдемақыларды, мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеуге бөлінетін қаражат олардың мөлшері 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тоғыз пайызға өсірілгені ескеріле отырып көзделді деп белгіленсін.

      13-1-бап. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.      Ескерту. Заң 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.02.28  N 412-IV(2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыруға:      нысаналы даму трансферттері бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға;      кредит беру бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға арналған қаражатты бөлу және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

      15-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2011 жылға арналған қаражатты бөлу және пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

      16-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылға арналған резервi 67 860 188 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.20 N 485-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      17-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастыруға және сақтауға 7 193 995 мың теңге сомасында, оның ішінде, республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды сатудан түскен қаражатты көрсете отырып, 6 505 813 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.02.28 N 412-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.20 N 485-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      18-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 1 747 853 мың теңге көзделсiн.

      19-бап. 2011 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитi 65 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

      20-бап. 2011 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 3 200 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

      21-бап. 2011 жылғы мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимитi 50 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

      22-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.      2011 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.

      23-бап. Осы Заң 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының      Президенті                                      Н. Назарбаев

  "2011 - 2013 жылдарға арналған  республикалық бюджет туралы"  Қазақстан Республикасының    2010 жылғы 29 қарашадағы    N 357-ІV Заңына       

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы