⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-1-бап. Кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

21-1-бап. Кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-1-бап. Кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы 

      1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін отыз жұмыс күні бұрын: 

      кепілді өтемді төлеу мерзімінің аяқталатын күні; 

      осы баптың 2-тармағында көзделген шарттар болған кезде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатыны туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды. 

      Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен, кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған депозиторларға ақпарат берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдері мен нысандарын пайдаланады. 

      Депозитор осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі аяқталғанға дейін кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударады. 

      2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына: 

      депозиторлар тізіліміндегі депозитордың дербес деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесіндегі жеке тұлғаның дербес деректеріне (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) сәйкес келген, сондай-ақ депозитордың жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат болған; 

      депозитордың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар жеке зейнетақы шоты болған жағдайларда, аударуды жүзеге асырады. 

      3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өзара іс-қимылы келісім негізінде жүзеге асырылады, онда: 

      1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында ақпарат алмасу тәртібі мен мерзімдері; 

       2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аудару, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қайтару тәртібі, мерзімдері және шарттары қамтылуға тиіс.  

      4. Осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген кепілді өтемді төлеуге өтініш депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мынадай мән-жайлардың бірі болған кезде қарауына жатады: 

      депозитордың әскери қызметке кіруі; 

       депозитордың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуы;  

      депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер; 

      депозитордың бас бостандығынан айыру орындарында болуы; 

      сот анықтаған өзге де мән-жайлар. 

       Кепілді өтемді төлеуге өтініш осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайлардың бірінің болғанын растайтын құжаттар қоса беріле отырып, қағаз жеткізгіште беріледі.  

      Кепілді өтемді төлеуге өтініш қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату) туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін не кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударылған жағдайда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық басталғанға дейін берілуі мүмкін. 

      Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемді төлеуге өтініш келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды. 

      5. Депозитор осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді өтемді төлеу туралы өтініш берген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағында көзделген келісімге сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлама жібереді. 

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алғаннан кейін кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитор атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы шегінде қайтаруды жүзеге асырады. 

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы қалдық кепілді өтемнің талап етілмеген сомасынан аз болған жағдайда, жетіспейтін бөліктің орнын толтыруды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебінен жүзеге асырады. 

      Ескерту. 21-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы. 

      Осы Заң депозиторлар – жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған және талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттерді және ислам банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарында) орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы