21-бап. Аккредиттеу аттестаты Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы
1. Аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.
2. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешімді қабылдаған кезден бастап есептеледі және оған аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған уақыт кезеңі енгізіледі.
2-1. Аккредиттеу субъектісі осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімді сақтаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган қайта аккредиттеу кезіндегі жұмыстарды аяқтау қажет болған кезде бұрын берілген аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімін аккредиттеу туралы шешім қабылданған күнге дейін үш айдан аспайтындай етіп ұзарта алады.
3. Аккредиттеу жөніндегі орган бекіткен және аккредиттеу саласын белгілейтін құжат аккредиттеу аттестатына міндетті қосымша болып табылады.
4. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелуге тиіс.
5. Аккредиттеу аттестатында:
1) аккредиттеу субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;
2) аккредиттеу субъектісінің оған сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжат;
3) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;
4) аккредиттеу аттестатының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген күні;
5) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі көрсетіледі.
6) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжат болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.
7. Аккредиттеу аттестаты жалғыз дана етіп беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.
8. Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалар аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын, аккредиттеу аттестатының қосымшаларын беруді жүргізеді.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 61-IV Заңы.
Осы Заң сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы