21-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Мемлекет кәсіпкерлік қызметке осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген шекте қатысады.
2. Мемлекет жеке кәсіпкерлікті және бәсекелестікті дамыту мақсатында мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу үлесін кәсіпкерлік саласында мемлекеттік заңды тұлғалар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар құруды шектеу арқылы қысқартуға бағытталған шараларды қолданады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
22-бап өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.
Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы