214-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алуды бастаудың алдында қорғалуға құқығы бар куәға қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды көрсететін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың не куәлік айғақтардың мәнін хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәға оның айғақтар беруден бас тарту құқығын қоса алғанда, осы Кодекстің 65-1-бабының екінші бөлігінде көзделген құқықтарын түсіндіреді.
2. Қалған жағында қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 26-тарау 214-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы