⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 22-2-бап. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы саласындағы мемлекеттік бақылау Әділет органдары туралы Заңы

22-2-бап. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы саласындағы мемлекеттік бақылау Әділет органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

22-2-бап. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы саласындағы мемлекеттік бақылау Әділет органдары туралы Заңы 

      Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасы) бұзушылықтарға жол бермеуі мақсатында жүзеге асырылады. 

      Осы Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері) болып табылады. 

      Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қатысты мемлекеттік бақылау жүргізілмейді. 

      Ескерту. 22-2-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304 Заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы