⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 226-бап. Эксгумациялау туралы қаулыны санкциялау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

226-бап. Эксгумациялау туралы қаулыны санкциялау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

226-бап. Эксгумациялау туралы қаулыны санкциялау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Эксгумациялау жүргізу қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам эксгумациялау жүргізу туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді.

      Қаулыға қылмыстық істің эксгумациялау жүргізу қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.

      Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.

      2. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Эксгумациялауды санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде тараптардың қатысуынсыз жеке-дара қарайды.

      4. Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап шығып, эксгумациялауды санкциялайды не оны санкциялаудан уәжді қаулымен бас тартады, ал сот отырысы өткізіліп жатқан жағдайда эксгумациялауды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

      Тергеу судьясы шешімінің немесе қаулысының көшірмесі эксгумациялау туралы қаулы шығарған сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына орындау үшін жіберіледі.

      5. Эксгумациялау жүргізу немесе одан бас тарту туралы шешімге осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, осы шешім прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.

      Ескерту. 226-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

225-бап. Эксгумациялау үшін негіздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

225-бап. Эксгумациялау үшін негіздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер: 1) адамның мәйiтін қарап-тексеру, оның iшiнде оны қосымша немесе...

Толық оқу »

227-бап. Эксгумациялауды жүргізу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

227-бап. Эксгумациялауды жүргізу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Эксгумациялауды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жергілікті сани...

Толық оқу »

228-бап. Эксгумациялаудан кейін адамның мәйiтін жерлеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

228-бап. Эксгумациялаудан кейін адамның мәйiтін жерлеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Эксгумациялаудан және одан кейiнгi процестік әрекеттерден...

Толық оқу »