⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 23-бап. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарға, материалдар мен бұйымдарға және тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдарға қойылатын талаптар  Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңы

23-бап. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарға, материалдар мен бұйымдарға және тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдарға қойылатын талаптар  Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

23-бап. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарға, материалдар мен бұйымдарға және тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдарға қойылатын талаптар  Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңы 

       1. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар, материалдар мен бұйымдар:  

       1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға;  

       2) мақсаты бойынша ғана пайдаланылуға тиіс.  

       Тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдарға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган берген, қауіпсіздігін куәландыратын құжат қоса тіркелуге тиіс.  

       2. Тамақ өнімдерімен байланысты тасымал сыйымдылықтарының (цистерналар, танкерлер және басқалары), құбырлардың, сорғылардың, шлангілердің, машиналардың, көлік құралдарының, жабдықтардың және аппаратуралардың барлық бөліктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалуға тиіс.  

       3. Тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігін куәландыратын құжатта:  

       1) химиялық, биологиялық және физикалық сипаттамаларын;  

       2) қолданылуын, пайдаланылу тәсілін;  

       3) шығу тегін және өндіріс әдісін;  

       4) беру, буып-түю әдістерін және сақтау шарттарын;  

       5) пайдалану алдындағы дайындығын;  

      6) қабылдау өлшемдерін қоса алғанда, қатерлерді сәйкестендіру және бағалау үшін қажетті деректер болуға тиіс. 

      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.04.2016 № 504-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы