26-бап. Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған мамандардың кадр резерві, оларды жұмылдыру шарттары Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы
1. Биологиялық қауіпсіздік саласында жеткілікті кадр ресурстарын, биологиялық қатерлерге, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде барабар ден қоюға дайындықты қамтамасыз ету мақсатында патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған мамандардың кадр резерві құрылады.
2. Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған мамандардың кадр резервіне енгізілген мамандардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық холдингке тиесілі заңды тұлғаларға жұмысқа орналасуға басым құқығы болады.
3. Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған мамандардың кадр резервіне енгізілген мамандар қажет болған жағдайда биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикалық іс-шараларды жүргізуге тартылуы мүмкін.
4. Патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімі патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған мамандардың кадр резервін қамтиды.
Осы Заң Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды және биологиялық қатерлерді болғызбауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы