261-бап. Адамды кепiлге алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
- Кепiлге алынған адамды босату шарты ретiнде мемлекеттi, ұйымды немесе басқа да адамды қандай да бiр әрекет жасауға немесе қандай да бiр әрекет жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында жасалған, адамды кепiлге алу немесе кепiл ретiнде ұстау –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып;
4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
6) кінәлі адамға жүктiлiк жағдайда екені көрiнеу белгілі әйелге қатысты;
7) көрiнеу дәрменсiз күйдегi адамға қатысты;
8) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
9) пайдакүнемдiк ниетпен немесе жалдау бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кепiлге алынған адамды өз еркiмен немесе биліктiң талап етуi бойынша босатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы