282-1-бап. Инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты деп инвесторлардың құжаттарды жинау мен даярлауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларға жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны түсініледі.
2. Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және олар "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алу үшін экономиканың нақты салаларында инвестициялар мөлшерін, сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторды қолдап отыруды ұйымдастыру;
2) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның орталық және өңірлік деңгейлерде инвестициялар тарту үшін инвестициялық жобаларды қолдап отыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компаниямен және оның өңірлік өкілдерімен және өкілдіктерімен, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
3) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың инвестициялар тарту мәселелері бойынша шетелдік мекемелермен, мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
4) инвесторлардың инвестициялық қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету процесін мониторингтеу, сондай-ақ инвестициялар тарту үшін инвестициялық жобаларды қолдап отыруды мониторингтеу тәртібін айқындайды.
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықпен инвесторларға осы қызметтерді көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасау және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда оларды қолдап отыру үшін жауапты тұлғаларды айқындайды.
3. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар инвесторлар үшін "бір терезе" шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар алдында инвестордың өтінішін қарау туралы өтінішхат беруге және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға мемлекеттік және басқа да көрсетілетін қызметтерді алу бөлігінде инвесторлардың құжаттарын енгізуге құқылы.
Ескерту. 25-тарау 282-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы