282-3-бап. Инвесторлар тізілімі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызмет туралы деректерді пайдалану үшін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвесторлар тізілімін жүргізеді.
2. Инвесторлар, инвестициялардың сомалары, инвестициялық жобалардың түрлері, оларды іске асыру кезеңдері туралы мәліметтерді және Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызмет туралы басқа да мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор инвесторлар тізілімі болып табылады.
3. Инвесторлар тізілімі инвестициялық жобаларды кешенді қолдап отырудың бірыңғай ақпараттық жүйесі болып табылатын Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада қалыптастырылады, оны құруды, басқаруды және техникалық қолдауды инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдары инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтердің ұсынылуын, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерінің Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада инвесторлар тізілімімен интеграциялануын қамтамасыз етеді.
5. Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерін интеграциялау тәртібін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы