⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 287-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

287-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

287-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

  1. Суық қаруды алып жүру аңшылық кәсіпшілікке байланысты болған жағдайды қоспағанда, суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, сол сияқты тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақты және оған оқ-дәрілерді сауда ұйымдары жұмыскерлерiнiң сатуы –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

  1. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет жасалған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың үшінші немесе төртінші бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

Комментарий к статье  257. Хулиганство УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 257. Хулиганство УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан Хулиганство, то есть особо дерзкое нарушение общественного порядка, выражающее явное неува...

Толық оқу »

Комментарий к статье 13. Рецидив преступлений УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 13. Рецидив преступленийУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Рецидивом преступлений признается совершение умышленного преступления лицом, им...

Толық оқу »

107-бап. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

107-бап. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру бір мың...

Толық оқу »