3-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы
Қазақстанның Ұлттық Банкі бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспар әзірлейді, онда Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен нысаналы индикаторларын айқындайды.
Стратегиялық жоспарды Қазақстан Республикасының Президентімен не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.
Ескерту. 3-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы