3-1-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы
1. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
2. Уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) селекциялық жетiстiктерді құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) мыналарды:
селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргізу қағидаларын;
Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетiстiктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын;
селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын;
Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын;
апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес селекциялық жетістіктерге арналған өтінімдерді қарау қағидаларын;
аттестаттау комиссиясы туралы ережені;
апелляциялық кеңес туралы ережені;
апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;
3) селекциялық жетістіктерді тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде мәліметтердің күшін жою;
5) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің және апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескерту. 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.07.09 № 586 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы