3-2-бап. Сараптама ұйымы Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
1) селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргiзеді;
2) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде селекциялық жетiстiктердi тіркейді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын береді, патенттердің күшін жоюды және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуды жүзеге асырады;
3) селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тіркейді;
4) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады;
5) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірмелер береді;
6) селекциялық жетiстiктердi тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялайды;
7) тіркелген селекциялық жетiстiктер туралы мәліметтерді мүдделі тұлғалардың өтініштері негізінде іздеуді жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес селекциялық жетістіктерге арналған өтінімдерді қарайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы селекциялық жетiстiктердi қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.
Ескерту. 1-тарау 3-2-баппен толықтырылды - ҚР 2004.07.09 № 586 Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы