⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-5-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал режимін  қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдар Төтенше жағдай туралы Заңы

3-5-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал режимін  қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдар Төтенше жағдай туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-5-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал режимін  қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдар Төтенше жағдай туралы Заңы 

      1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал режимін қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және басқа да мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары пайдаланылады. 

       2. Қажет болған жағдайларда "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мынадай міндеттерді орындау үшін: 

      1) жергілікті жерге кірудің және одан шығудың ерекше режимін қолдауға; 

      2) ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін және көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді, адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіретін объектілерді күзетуге; 

      3) арнаулы құралдарды, қаруды қолдану, сондай-ақ әскери және басқа да техниканы пайдалану арқылы күш көрсету әрекеттері орын алған жанжалдарға қатысқан тайталасушы тараптарды айыруға; 

      4) заңсыз қарулы құралымдар әрекетінің жолын кесуге қатысуға; 

      5) ішкі істер органдарымен бірлесіп патрульдеуге және жаппай тәртіпсіздіктерді оқшаулауға қолданылуы мүмкін. 

      3. Осы баптың 2-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген міндеттерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп орындайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының дене күшін, арнаулы құралдарды, қызметтік иттерді, қаруды қолдану, әскери техниканы пайдалану шарттарына, тәртібі мен шектеріне қатысты бөлігіндегі ережелері қолданылады. 

      Ескерту. 1-1-тарау 3-5-баппен толықтырылды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерiнде төтенше жағдайды енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін белгілейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы