⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен принциптері  Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы

3-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен принциптері  Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен принциптері  Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы 

       1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудiң мақсаттары:  

       1) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;  

       2) мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;  

       3) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету;  

      4) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.06.2024 № 90-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      5) органикалық өнім өндіруді дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. 

       2. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:  

       1) экономикалық өсу әлеуетi бар aгpo-өнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтарды дамытудың басымдығы;  

       2) ауыл шаруашылығы жөнiндегi халықаралық келiсiмдердiң талаптарына, санитариялық және фитосанитариялық нормаларға сәйкестiк;  

       3) мемлекет жүзеге асыратын iс-шаралардың ашықтығы;  

       4) мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудiң атаулылығы;  

       5) отандық агроөнеркәсiптiк өндiрiстiң бәсекелестiк артықшылықтарын дамыту;  

       6) iшкi нарықтың жосықсыз бәсекеден қорғалуы;  

       7) мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату;  

       8) агроөнеркәсiптiк кешен қызметiнiң және тұрғындардың ауылдық елдi мекендерде тұруының экологиялық қауiпсiздiгi;  

       9) кәсіпкерлердің қоғамдық бiрлестiктерiмен, қауымдастықтарымен (одақтарымен) өзара iс-қимыл;  

       10) мемлекеттiк реттеу шараларының тиімділігі;  

       11) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы қажеттi көлемiн қамтамасыз ету;  

      12) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы