3-бап. Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:
1) әлеуметтік қорғау саласында адам мен азаматтың тең құқықтылығы және олардың құқықтарын шектеуге жол бермеу;
2) алдын алушылық;
3) атаулылық, қолжетімділік және сараланған тәсіл;
4) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі ынтымақтастығы және ұжымдық жауапкершілігі;
5) экономикалық ресурстарды пайдаланудың ашықтығы мен әділдігі, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат міндеттеріне мөлшерлес болу қағидаттарына негізделеді.
Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы