3-бап. Елдi мекендердiң санаттары Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Заңы
Елдi мекендер мыналарға бөлінеді:
1) республикалық маңызы бар қалалар, оларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады;
2) облыстық маңызы бар қалалар, оларға iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер жатады;
3) аудандық маңызы бар қалалар, оларға аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер жатады;
4) кенттер, оларға халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер жатады.
Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;
5) ауылдар – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы