⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi  2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу Электр энергетикасы туралы Заңы

3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi  2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу Электр энергетикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi  2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу Электр энергетикасы туралы Заңы 

      1. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу: 

      1) энергия тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын қорғау; 

      2) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенiнiң қауiпсiз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 

      3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң ерекше маңызды жүйесi ретiнде басқарудың бiртұтастығы мақсатында жүзеге асырылады. 

      2. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi мыналар: 

      1) электр энергиясының көтерме сауда нарығында басқару бiртұтастығы, бәсекенi дамыту негiзiнде электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi қауiпсiз, жұмыс iстеуi мен дамуы; 

      2) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілері болып табылатын тұтынушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын берушіні таңдау құқығы; 

      3) табиғи монополия сапасындағы қызметті реттеу, сондай-ақ отандық энергия өндiрушілердi қорғау үшiн жағдайлар жасау; 

      4) электр энергиясының реттелетiн нарығын құру мен жетiлдiру; 

      5) электр энергиясын ұтымды және үнемдi тұтыну; 

      6) жаңартылып отыратын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану мен дамыту; 

      7) электр энергетикасы кешенiн дамыту мен қайта жарақтандыруға инвестициялар тарту; 

      8) қоршаған ортаны қорғау, электр беру желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын пайдалану кезiндегi құрылыс сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау үшiн жағдайлар жасау; 

      9) елдiң шалғай аудандарында энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау; 

      10) Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi жұмысының және электр энергиясы сапасының ұлттық стандарттарын белгiлеу; 

      10-1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді қамтамасыз ету; 

      11) алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу: 

      1) лицензиялауды; 

      2) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеудi; 

      3) электр энергетикасы объектiлерiн монополиясыздандыру мен жекешелендiрудi; 

      4) электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, техникалық диспетчерлендiру мен тұтынудың сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн мемлекеттiк қадағалауды; 

      5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеуді және стандарттауды қамтиды. 

      5-1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды бюджет қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын кредиттеуді; 

      6) алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       7) алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136, 2006.12.29 № 209, 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 Заңы. 

      Осы Заң электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы