3-бап. Кредиттiк серiктестiк 2-тарау. Кредиттік серіктестіктерді құру Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы
1. Кредиттiк серiктестiктер жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер нысанында құрылтай шарты негiзiнде құрылады және өз жарғысына сәйкес әрекет етедi. Кредиттiк серiктестiк оның мемлекеттiк тiркелген кезiнен бастап құрылды деп есептеледi.
2. Кредиттiк серiктестiктiң атауында "кредиттiк серiктестiк" деген сөз болуға тиiс.
Кредиттiк серiктестiк ретiнде тiркелмеген бiрде-бiр заңды тұлға кредиттiк серiктестiк деп атала алмайды.
3. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының саны үштен кем болмауға тиіс.
Егер кредиттік серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, кредиттік серiктестiктiң қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өздерi енгiзген мiндеттi салымдар мен қосымша жарналардың құны шегiндегi кредиттiк серiктестiктiң қызметiне байланысты шығындардың тәуекелiн өз мойнына алады.
Кредиттiк серiктестiк өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
4. Кредиттiк серiктестiк микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады.
5. Кредиттiк серiктестiктiң мүлкi оған меншiк құқығымен тиесiлi болады және оның қатысушыларының мiндеттi салымдары мен қосымша жарналарынан, кредиттiк серiктестiк алған кiрiстерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден құралады.
6. Алынып тасталды - ҚР 2005.12.23 № 107 Заңымен.
7. <*>
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400 Заңы.
Осы Заң кредиттiк серiктестiктердiң құқықтық жағдайын, құрылу, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртiбiн, сондай-ақ қызметiнiң реттелуiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы