⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Негiзгi мiндеттеменi ипотекамен қамтамасыз етудiң шектерi Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы

3-бап. Негiзгi мiндеттеменi ипотекамен қамтамасыз етудiң шектерi Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Негiзгi мiндеттеменi ипотекамен қамтамасыз етудiң шектерi Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы 

       1. Ипотека ипотекалық қарыз шарты немесе өзге де мiндеттеме бойынша кепiл ұстаушыға қарыздың негiзгi сомасының толық немесе ипотека шартында көзделген бөлiгiнде төленуiн қамтамасыз етедi.  

      Егер шартта өзгеше көзделмесе, ипотекалық қарыз шартын қамтамасыз етуге белгiленген ипотека, сол сияқты кредиторға кредиттiң пайдаланылғаны үшiн өзiне тиесiлi сыйақының (мүдденiң) де төленуiн қамтамасыз етедi. 

      2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, ипотека кепiл ұстаушының талаптарын оларды қанағаттандыру сәтiндегi көлемiне қарай:  

      1) негiзгi мiндеттеменiң орындалмауынан, мерзiмi кешiктiрiлуiнен немесе өзге де тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген шығындарды өтеудi;  

      2) негiзгi мiндеттеменiң орындалмауы, орындалу мерзiмiнiң кешiктiрiлуi немесе өзге де тиiсiнше орындалмауы үшiн айып (айыппұл, өсiм) төлеудi;  

      3) негiзгi мiндеттемеде не заң актiлерiнде көзделген бөгде адамның ақшаны заңсыз пайдаланғаны үшiн айыпақыны қоса қамтамасыз етедi. 

      3. Ипотека сонымен қатар:  

      1) сот шығындарын және кепiлге берiлген мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға байланысты өзге де шығыстарды өтеудi;  

      2) ипотеканы өткiзу жөнiндегi шығыстардың өтелуiн қамтамасыз етедi.  

      4. Егер ипотека шартында ипотекамен қамтамасыз етiлген кепiл ұстаушының талаптарының жалпы нақты сомасы көрсетiлсе, борышқордың кепiл ұстаушы алдындағы осы сомадан асатын бөлiгiндегi мiндеттемелерi, осы Заңның осы бабының 3-тармағында және 4-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, ипотекамен қамтамасыз етiлген болып саналмайды.  

      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 2003.06.03. N 427 Заңдарымен.  
 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы