⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы 

      1. Осы Заң: 

      1) теңiз кемелерiне - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа да су жолдарымен жүзуi кезiнде; 

      2) iшкi суда жүзу кемелерiне, "өзен-теңiзде" жүзетiн кемелерге - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа су жолдарымен теңiз портына кiре отырып, жүктi, жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, құтқару операциялары кезiнде және теңiз кемесiмен соқтығысуы кезiнде; 

      3) Каспий теңізінде жүзуді жүзеге асыратын шағын көлемді кемелерге қолданылады. 

       2. Осы Заң Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi туын көтерiп жүзушi корабльдерге, катерлерге және басқа да кемелерге қолданылмайды.  

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.06.02 № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы. 

       Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы