3-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы
1. Осы Заң:
1) акционерлiк инвестициялық қорлардың құқықтық жағдайының және қызмет етуiнiң ерекшелiктерiне байланысты;
2) инвестициялық пай қорларын құру, олардың жұмыс iстеуi және жұмыс iстеуiн тоқтату процесiнде туындайтын;
3) бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың инвестициялық қорлардың активтерiн инвестициялық басқару, оларды есепке алу мен сақтау, сондай-ақ инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын шығаруды, орналастыруды, айналысқа жiберудi, сатып алуды және өтеудi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне байланысты;
4) венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты құқықтық қатынастарды реттейді.
2. Осы Заң, басқарушы компанияларды және венчурлік басқарушыларды қоспағанда, қызметi Қазақстан Республикасының басқа заң актiлерiмен реттелетiн өзге тұлғалар жүзеге асыратын мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.
3. Осы Заң дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін ұйымдарға, олардың венчурлік қорлар құру жағдайларын қоспағанда, қолданылмайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлік инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртібін, венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктерін айқындайды, бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттік реттеу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы