3-бап. Қаржы мониторингінің субъектілері Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы
1. Осы заңның мақсаттары үшін қаржы мониторингінің субъектілеріне:
1) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын, сондай-ақ айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
2) биржалар;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру брокерлерінің филиалдары;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары;
5) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий;
6) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустар;
7) адвокаттар, заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге:
жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;
заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;
8) бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, аудиторлық ұйымдар;
9) ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар;
10) ақша аударымы қызметін көрсететін почта операторлары;
11) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
12) төлем ұйымдары;
13) лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
14) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
15) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
16) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жатады.
17) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;
19) "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) аумағында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарына сәйкес АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары;
20) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар жатады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қаржы мониторингінің субъектілері болып табылмайды.
3. Осы баптың 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV Заңы.
Осы Заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын, сондай-ақ терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға және жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкцияларды іске асыру тетіктерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы