3-бап. Қазақстан Республикасының азаматы болу Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының
Мына адамдар:
осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын;
осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
Қазақстан Республикасы жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР Президентінің 1995.10.03. № 2477 Заң күші бар жарлығымен, ҚР 2002.05.17. № 322 Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 1017-XII Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерін реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы