3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есептiлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.
Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келiсiмiмен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;
Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының бекiтуі;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiтуi;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекiтуi;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өз құзыретiндегi мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.12.05 № 2672 заң күші бар Жарлығымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.06.29 № 236, 2001.03.02 № 162, 2005.07.08 № 69, 2009.04.29 № 154-IV; 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы