3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары Сауда қызметін реттеу туралы Заңы
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары:
1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту;
2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;
4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;
5) отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
6) мемлекет экономикасының орнықты дамуына жәрдемдесу;
7) азық-түлік қауiпсiздiгін қамтамасыз ету;
8) ішкі және сыртқы нарықтарда қазақстандық өндірушілер үшін кемсітпейтін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi қағидаттары:
1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы;
3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;
4) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;
6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;
7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi;
8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін қолданудың біртұтастығы;
10) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеу, қабылдау және қолдану кезіндегі жариялылық;
11) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың негізділігі, объективтілігі мен ашықтығы болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544 Заңы.
Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы