3-бап. Саяси себептер бойынша елден аласталған, тұрған жерлерiнен немесе мекендi аудандарынан аулақтатылған (айдауға немесе жер аударуға жiберiлген), арнайы қоныс аударылған, бостандығын шектеп еңбекке ықтиярсыз тартылған, сондай-ақ әкiмшiлiк тәртiппен құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе шектеулерге ұшыраған, әкiмшiлiк тәртiпте немесе сот емес органдар шешiмдерi бойынша психиатриялық мекемелерде емдеуге күштеп жатқызылған адамдардың бәрi ақталған адамдар деп жарияланады. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Елден аластату, тұратын жерлерiнен немесе мекен еткен аудандарынан аулақтатылу (айдауға немесе жер аударуға жiберу) арнайы қоныс аударуға жiберу түрiндегi саяси қуғын-сүргiндердiң қолданылғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда (олардың жойылып жiберiлуiне байланысты), қуғын-сүргiндердi қолдану фактiсiн тану үшiн негiз адамдардың қуғын-сүргiндер акцияларының салдарынан Қазақстанның аумағында нақты тұрғанын анықтау болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.22 № 169 Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі N 2200 Заңы.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшыраған адамдарға қатысты әдiлеттiлiктi қалпына келтiруге батыл бел байлап, осы қуғын-сүргiндердiң барлық құрбандарын ақтау, оларға тигiзген моральдық және материалдық залалды қазiргi уақытта барынша мүмкiн болатын өтеудi қамтамасыз ету мақсатында осы Заңды қабылдайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы